• Шрифтің мөлшері
  • Интернет-ресурстың түсі

Іздеу

22 қыркүйек, Дүйсенбі 2014
| KZ | RU |

Президенттiң жолдауы

Мемлекеттiк рәмiздер

МЕДИА-ЖОСПАР

Әкiмнiң блогы

Даму бағдарламасы

БӘРІ ДЕ БАЛА БАҚЫТЫ ҮШІН

 

1 маусым күні аудан орталығындағы алаңда мерекелік бағдарлама болып өтті
Балалар мерекесіне арналған бағдарлама "Сүйкімді бүлдіршіндер-2013" байқауының кішкентай ханшайымдар шеруімен басталды. №2 "Балдәурен" бала бақшасының сүйкімді арулары Жансұлу мен Жаннұр бастаған балақайлар тобын Нұрай мен Әлбина, Ақжан мен Асылзат, Нұрипат пен Зере, Еңлік пен Дария, Жаңылсын мен Гүлімай және Гүлбақыт жалғастырды. Мұнан соң балалар бақшасының бүлдіршіндері дайындаған ертегі кейіпкерлері ортаға шықты. "Бауырсақ", "Қасқыр мен аю", "Буратино", "Маша мен аю", "Қасқыр мен қызыл телпек", "Алдар көсе мен бай" ертегісінің кішкентай кейіпкерлері көрермендерді шаттыққа бөледі. Жазғы демалысқа шыққан балғындардың арасында оқуларын үздік аяқтаған оқушылар шеруін олардың сынып жетекшілері бастады. Иықтарында "Үздік оқушы" деген жазуы бар қызыл лента мен "5"-тікті жоғары көтеріп өткен балдырғандар мақтаныш сезіммен ата-аналарының алдынан өтті, оларға көрсетілген қошемет те бір сәтке толастамады. Балалар мерекесі арнайы дайындалған ертегілерді тамашалаумен жалғасты. "Алтын сақа", "Маша мен аю", "Күн, Ай және Әтеш" ертегілерін қызықтап, базарлыққа қуанды. Барша жиналған жас жеткіншектерді мереке күнімен аудан әкімінің кеңесшісі С.Отызбаев құттықтады. Болашағынан үміт күтетін бөбектерге бақытты балалық шақ тіледі.
"Сүйкімді бүлдіршін-2013" аудандық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Барлық балғындар үлкендердің қамқорлығымен сыйлықтар алып, тәтті сусындар мен балмұздаққа тойды. Мерекелік салтанат өнерлі бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасына ұласты.
***

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік тапсырыс аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен орталық алаңда "Сырдария ұрпақтары" қоғамдық қоры бірнеше спорт түрінен "Көңілді старт" отбасылық сайыс және мольбертке сурет салу бойынша жарыстар ұйымдастырды. Жарыс өте тартымды өтті. Оған аудан мектептерінен 7 команда, 36 оқушы қатысты. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Командалар қаппен, доппен, шеңбермен жүгіру және секірме жіпті пайдалану арқылы сынға түсті.
"Көңілді старт" қорытындысында көп ұпай жинаған №210 О.Әбілпатттаев атындағы мектеп командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды №126 орта мектеп, үшінші орынды №135 А.Тоқмағанбетов атындағы мектеп командасы иеленді.
Отбасылық сайыс та тартысты өтті. Оған аудан мектептерінен 5 команда қатысты. Тартысты бәсекеге құрылған жарыста №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейден М.Жәрімбетовтің отбасы бірінші орынды жеңіп алды. №210 О.Әбілпаттеав атындағы мектептен қатысқан Б.Тәңкібаевтың отбасылық командасы екінші орыннан көрінді. Ал үшінші орынды №131орта мектептен Айтбаевтар иеленді. Балалардың шығармашылығын шыңдайтын мольбертке сурет салу байқауы да көрермендерін көп жинап, балғын суретшілердің өнерін тамашалауға мүмкіндік берді. Бұл сайысқа 21 оқушы қатысты. Қазылар алқасы олардың шығармашылығын бағалап, бірінші орынға №126 орта мектептің оқушысы Р.Дәруішқановты лайық деп таныды. Екінші орынды №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектептің оқушысы З.Жәкебай еншіледі. Үшінші орын №36 орта мектеп оқушысы А.Еркебұлановаға бұйырды
Жарыс қорытындысында "Сырдария ұрпақтары" қоғамдық қорының төрағасы С.Отызбаев жеңімпаз оқушылар мен отбасылырға бағалы сыйлықтар мен "Алғыс хаттар" тапсырды.
***

Бірінші маусым балаларды қорғау күні №135 А.Тоқмағанбетов атындағы мектеп жанынан ұйымдастырылған "Ақниет" тынығу лагерінде 1-маусым балалар күніне арналған "Әрқашан күн сөнбесiн!" тақырыбында іс-шара өткізілді. Тынығушы оқушылар ән айтудан, асфальтқа сурет салудан өзара жарыс өткізді.
Осындай балаларға арналған мереке күні ауыл басшылары, кәсіпкерлер де қарап қалған жоқ. Шаруашылық төрағасы Жұмабаев Бауыржан, кәсіпкерлер-Тойшыбеков Қанат, Әбдіраманова Айгүл, балаларға тәттілер сыйлады. Мектеп директоры Қалихан Омаров, балаларды қуанышты мерекелерімен құттықтап, балаларға демеушілік жасаған ауыл тұрғындарына ыстық ықыласын білдіріп, рахмет айтты. Айтулы іс-шараны лагерь басшысы-А.Нұрымова қорытты.
Осы күні А.Тоқмағанбетов ауылындағы орталық алаңда ауылдық пошта байланыс бөлімшесінің меңгерушісі Ғ.Ахметованың ұйымдастыруымен "Бота" қорының атынан "Көңілді старт" ойынын өткізіп, демеушілік жасады. Велосипед жарысынан: І-орын Қадыржан, сурет салу: І-орын Гүлсезім Асылханқызы, ән айту-Айсара Қайратқызы жеңіске жетті. "Көңілді старт" мерекелік концерттік бағадарламаға "Балауса" балабақшасы мен "Ақниет" тынығу лагері атсалысты.
 

Б.ЖАНӘЛІ,
Ш.НҰРСЕЙІТОВ,
М.ҚАЛМҰРАТҰЛЫ.

 

Қайта оралу

Комментарии

Пікір қалдыру!